Ссылки доступа

Ашхабадтық аула сыпырушыларға түнімен жұмыс істеткізеді


Түркіменстан коммуналдық шаруашылығы министрлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін түнде жұмыс істеуге мәжбүрейді, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

Астананың орталық көшелерін тазалауға түнгі ауысым сағат 22:00-де басталып, таңғы 7-де аяқталады.

"Ауа райының суықтығына қарамастан, біз тоғыз сағат үздіксіз жұмыс істеуге мәжбүрміз. Бізге жарты сағат қана жылынуға уақыт береді, бірақ жылынатын жер жоқ", - деді аула сыпырушы Марал.

Аула тазалау қызметінің басшылығы жұмысшыларға автобус аялдамаларына жылынуға, тамақтануға рұқсат бермейді.

Азатлық дереккөзінің хабарлауынша, Ашхабад көшелерін сыпырушылардың орташа айылығы 800-900 манат (228-257 доллар).

XS
SM
MD
LG