BBC-ге берген сұхбатында Макмастер "Ресейдің АҚШ президент сайлауына араласуы, ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қатер" деп мәлімдеген.
Герберт Макмастер 2016 жылға сайлау кампаниясы кезінде ресейлік араласудың негізгі мақсаты АҚШ-тың саяси көрінісінің екі тарабы болды деп есептейді. Оның сөздерінше, Ресей шиеленіс жасау үшін, солшыл және оңшыл күштерді де қолдауы мүмкін.
Бірер күн бұрын жарық көрген АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясында Ресей мен Қытайды Америкамен бәсекелесуші күш ретінде атап, "америка билігіне ықпал жасап, ел қауіпсіздігі мен дамуына кедергі келтіруі мүмкін" деп көрсеткен.