Ссылки доступа

Трамп өзбек президенті Мирзияевті АҚШ-қа ресми сапарға шақырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 19 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары өзбек-америка әріптестігін талқылады, деп хабарлады Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі.

Аймақтағы қауіпсіздік, Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу, халықаралық терроризммен, экстремизммен және радикализммен күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшылары Ауғанстанның экономикасын қалпына келтіру үшін халықаралық қолдау қажет екендігін атап өтті. Бұл ретте Ауғанстан президентінің Өзбекстанға сапары кезінде қабылданған келісімдерге жоғары баға берілді.

Трамп Өзбекстанның ашық әрі сындарлы сыртқы саясатына және аймақтағы көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылыстарына қолдау білдірді.

Екі жақты әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында президент Дональд Трамп Шавкат Мирзияевті ресми сапармен АҚШ-қа шақырды.

XS
SM
MD
LG