Ссылки доступа

Бішкек Құрманбек Бакиев пен оның бауырын тағы 10 жылға соттады


Бішкектің Октябрь соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның туған бауыры Жаныбек Бакиевті сырттай тағы 10 жылға соттады. Бакиевтерге қарсы қылмыстық іс екі жыл бұрын қозғалған. Оларға 262 гектар жерді заңсыз аударып алды деген айып тағылған.

Судья Дамирбек Назаровтың айтуынша, жаңа үкімді есепке салсақ, Құрманбек Бакиев 30 жылға сотталған, ал оның бауыры Жаныш Бакиев өмірлік жазаға кесілген.

Бұған қоса, тағы бірнеше шенеунікке айыптар тағылды. Парламенттің бұрынғы депутаты Карганбек Самаков 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұрынғы вице-премьер Искендер Айдаралиев, экс-премьер және қазіргі парламент депутаты Игорь Чудинов 5 млн сом (шамамен $70 мың.) айыппұл салды.

Бакиев "Настоящее Времяға" берген сұхбатында жерге қатысты іс бойынша ешкім хабарласпағанын мәлімдеген.

Қырғызстанда Бакиев пен оның бауырына оннан астам қылмыстық іс қозғалған, солардың бірқатарына үкім сырттай шығарылды.

XS
SM
MD
LG