Сонымен бірге оқушыларды ертіп баратын мұғалімдерді де іріктей бастаған. "Жыл сайын шараларға мәжбүрлеп қатыстыру, мерекелік көңіл-күйді түсіріп жібереді. Жаңа жылды отбасымызбен қарсы алудың орнына, суық күнде далада жүреміз", - дейді 30 жастағы мұғалима.
Оның сөздерінше, мейрам алдында базарда азық-түлік, шаруашылық тауарлары қымбаттаған, ал ең керек ұн, қан, өсімдік майын сөрелерде жоқ.
Қазіргі кезде астананың кейбір дүкендерінде тапшы болып келген азық-түлік біртіндеп пайда бола бастаған. Тек шектеулі түрде. Мәселен, арнаулы әлеуметтік дүкендерде газды алкогольсіз сусындар сатылып жатыр. Бағасы нарықтағыдан екі есеге төмен. Бірақ әр адамға 2 бөтелкеден ғана беріледі. Ал еттің бағасы екі есеге өскен. Осыған дейін бір келісі 18 манаттан (5 доллар шамасында) сатылса, қазір 22 манатқа көтерілген.