Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстанға 550 млн кВт/сағат электр қуатын жеткізеді


Қырғызстан Өзбекстанға 550 млн кВт/сағат электр қуатын жеткізуді көздеп отыр. 5 қазанда Ташкентте қабылданған келісім келесі жылдың наурызына дейін жарайды.

15 желтоқсаннан бастап Қырғызстан Өзбекстанға электр қуатын жеткізе бастады. Қазіргі таңға дейін оның 3,7 млн кВт/сағаты қабылданған, оның көлемі өсіп келеді, деп хабарлады жергілікті БАҚ:

"Электр қуатын Қырғызстанның ұлттық электр желісі жеткізеді. Бұл процесс Орталық Азияда су және қуат жүйесін қамтамасыз етіп, біздің елдердің дамуына ықпал етеді", - деді "Өзбекэнерго" ақционерлік қоғамының басқарма басшысы Э. Саъдуллаев.

Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан арасында қуат алмасу шеңбері жұмыс істейді.

"Өзбекэнерго" акционерлік қоғамы ТМД елдерімен қуат көзі саласында әріптестікті нығайтуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG