Ссылки доступа

Киев қолға түскен "ресейлік арнайы қызмет агентінің" есімін атады

Киев ресейлік арнайы қызмет мүддесі үшін тыңшылық еткені үшін ұсталңан үкімет шенеунігінің есімін атады. Ол – Станислав Ежов, Украина премьер-министрі Владимир Гройсманның көмекшісі. Бұл туралы "112 Украина" телеарнасына Жоғарғы Радада министрлер кеңсесінің өкілі Вадим Денисенко хабарлады.

Бұның қарсаңында Украина қауіпсіздік қызметі үкімет хатшылығының шенеунігі ұсталғанын хабарлаған. УҚҚ мәліметіне қарағанда, ол ұзаққа созылған қызметтік сапар кезінде арбалып, Украина үкімет құрылымының қызметі туралы "инсайдерлік ақпарат" жинаумен айналысқан.

Кейін белгілі болғандай, Станислав Ежовты жұмыс орнында қолға түсірген. Шенеунік үйінде және оның кеңсесінде тінту жүргізілді. Оған мемлекеті сату қылмысы бойынша іс қозғалды.

БАҚ ақпараты бойынша, Ежов украиналық премьердің хаттамы қызметі басшысының орынбасары болған. Ол шетел делегациясымен кездесулерде аудармаға жауап берген. Бұған дейін ол Украинаның АҚШ-тағы елшілігінде және Украина президенті әкімшілігінде істеген.

XS
SM
MD
LG