Ссылки доступа

Ресейлік әйелден ұзын шашқа бола жеті баласын тартып алды

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Хакасияда жергілікті тұрғын Любовь Лицегевичтің бір баласының шашы ұзын болғаны үшін асыранды жеті баласын тартып алды.

"Новая газета" басылымының хабарлауынша, қамқорлық органы төрт жастағы баланың шашы ұзын болуынан гей қауіпін" көрген.

Лицегевич 57 жаста. Оның 21 баласы бар, соның 20-сын асырап алған. Жеті баланы тартып алуына байланыс ол сотқа жүгінді. Іс әлі қаралып жатыр.

Тамыз айының соңында қамқорлық органдары Екатериньург тұрғыны Юлия Савиновскаяның екі асыранды баласын тартып алды. Юлия денсаулығына байланысты сүт безін кестірген. Желтоқсанда сот Савиновскаяның баласын тартып алу заңсыз деп таныған.

XS
SM
MD
LG