Ресми мәліметке қарағанда, 25 желтоқсанда өзбек астанасына Қырғызстанның мамандар тобы аттанады.
Бұның алдында жол және көлік министрі Жамшитбек Калиловты президент Сооронбай Жээнбеков қабылдады. Ол Ташкенттегі кездесуге тыңғылықты дайындалып баруын сұрады.
Жээнбеков құрылыстың тезірек басталуы Орталық Азияны көлік дәлізі ретіндегі маңызын арттырады деді.
Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысы туралы бастама бірнеше жыл бұрын көтерілген. Бірақ жоба жүзеге аспай қалған.
2012 жылғы есеп бойынша, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысына 6-6,5 млрд доллар кетеді.