Ссылки доступа

Түркіменстанның солтүстігінде малдың жем-шөбіне арналған "қара базар" пайда болды


Азатлык радиосының Дашоғыздағы тілшісінің хабарлауынша, аймақта малдың жем-шөбі үш есе көтерілген. Қазір жемнің бір келісі облыста 1 манат (30 цент) болған, ал мемлекеттің бұл өнімге бағасы үш есе арзан.

Аудан орталықтарындағы дүкендерде 20 келі комбиборм әр отбасыға мемлекеттік бағамен сатылады. Дүкен алдында кем дегенде 300 адамды кезіктіруге болады. Олардың кейбірі жемді "қара базарда" сатады.

Тілшінің хабарлауынша, жұмыссыздыққа байланысты кейбір отбасылар жем сатып күнелтіп отыр.

Бұл уақытта аймақта малдың жем-шөбіне деген сұраныс артып отыр. Кезекте тұрғандар кейде жанжалдасып қалып жатады. Сол себепті кезекті күш құрылымы органдарының қызметкерлері бақылап отыр.

Мал азығын сатуды тоқтатқан жағдайда, оны сататындар наразылық білдіріп, жолды жабатын болған. Қазір комбикормды жексенбі күндері де сататын болған.

XS
SM
MD
LG