Ссылки доступа

Өзбекстан: есімдері президент құрметіне қойылған балаларға билік ерекше құрмет көрсетпейді


Өзбекстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бір қызметкері егіз, үшем немесе балаларын президент есімімен атаған отбасыларға ерекше құрмет көрсету енді қайталанбайды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа туған сәбилердің ата-аналары бір реттік әлеуметтік көмекке ие болады, мұнда сәбилердің есімі ескерілмейді.

Хорезм облысы Гурлен ауданының тұрғыны үшемді Өзбекстан президентінің құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзие деп атаған, енді ол мергілікті билік пен президент әкімшілігі өздеріне жеткіліксіз назар аудармай отырғанына шағымданды. Сәбилер бір ай бұрын дүниеге келген.

"Балаларын президент құрметіне атағандарға ерекше назар аударылу керек деген ешқандай заңда жазылмаған", - деді министрлік қызметкері.

Өзбекстанда балаларын мемлекет басшысы құрметіне атау дәстүрі елдің алғашқы президенті Ислам Каримов кезінде қалыптасқан. Бұған дейін үшемді Ислам, Кәрім және Әбдіғани деп атаған отбасыларға бесік, коляска және ақша беретін.

XS
SM
MD
LG