Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыздың Қамбарата ГЭС-1-дің құрылысына қатысады


Өзбекстан мен Қырғызстан Қамбарата ГЭС-1 жобасын талқылап жатыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Өзбекстандағы елшісі Данияр Сыдыков журналистермен кездесуінде хабарлаған.

«Жобаға қатысты жұмыс тобы алғашқы отырысын Ташкентте өткізіп, бірлескен қадамдарын айқындады", - деді елші.

Оның пікірінше, бұл аймақтық маңызы бар үлкен жоба болмақ.

«Менің пікірімше, Өзбекстан бұл жобаға технология, ресурсымен де қатысуы мүмкін», – деді дипломат.

Қазан айының басында «Узбекгидроэнерго» және Қырғызстанның Ұлттық энергетикалық холдингі Қамбарата ГЭС-1-дің құрылысы бойынша меморандум қабылдады.

Қамбарата ГЭС-1 – Қырғызстандағы ірі гидроэлектр станциясының жобасы. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов бұл нысанның салынуына қарсы шыққан. Ол осы станция арқылы Қырғызстан суға бақылау жасайды деп күдіктенген.

XS
SM
MD
LG