Бұған дейін ата-аналарын асырамағандар 120 сағаттан екі жылға дейін түзету жұмыстарына жегіліп, немесе екі жылға сотталатын.
Соңғы жылдары елде экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ата-аналардың сотқа жүгінуі жиілеп кетті.
Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер бойынша, ата-атанаға жауапты деп танылған адам оларға қамқор жасамаған жағдайда, үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
2016 жылы Тәжікстан балалардың ата-аналары үшін жауапты екенін заңмен рәсімдеген.