Ссылки доступа

Путин Петербургтегі жарылысты теракт деп атады


Ресей президенті Владимир Путин Петербургте болған жарылысты теракт деп атады.

"Кеше Петербургте террористік акт болғанын білесіздер", – деді Путин Сириядағы операцияға қатысқан жауынгерлерді марапаттау салтанатында.

Калинин алаңындағы "Перекресток" супермаркетте жарылыс болды. 13 адам зардап шекті.

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Оқиғаны Ұлттық антитеррористік комитет зерттеп жатыр.

XS
SM
MD
LG