Ссылки доступа

Самарқанда 12 жастағы қызды өлтіріп кетті, көршісі күдікке ілінді


Өзбекстанның Самарқан облысы Пайарық ауданының тұрғынына көрші үйдің қызын өлтірді деген күдік түсті. Құқыққорғау органдарының алдын ала нұсқасы бойынша, ол кек алу мақсатында 12 жастағы қызды өлтіріп, денесін жақын маңға көміп тастаған.

10 желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесін 15 күннен кейін тапты.

Пайарық ішкі істер басқармасының қызметкері, майор Амин Тошевтің хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті бір тұрғын ұсталған.

"Қыздың нақты неден өлгені әзірге белгісіз. Бірақ тұрғындар оны көрші үйдің әйелі балтамен ұрып өлтірген деп отыр. Марқұмның анасы күдіктінің күйеуімен махаббаттас болған деген әңгіме бар. Бірақ бұл мәліметтер әзірге расталған жоқ", - "Қожа Исмайыл" махалласының бір тұрғыны.

XS
SM
MD
LG