Ссылки доступа

Kaz Minerals компаниясы кеншілер ереуілін жоққа шығарды


Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кенінің шахтерлері жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлады 28 желтоқсанда жергілікті жаңалықтар агенттігі. Мәліметтерге қарағанда, түнгі ауысымның кеншілері таңертең жоғарыға көтерілмеген.

Kaz Minerals аймақтық кеңсесінің ресми өкілі Ермек Дүзкенев 28 желтоқсанда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, түнгі ауысымдағы жұмысшылар кесте бойынша жұмыстан шыққан. Ал таңертеңгі ауысымдағылардың жұмысқа шықпауын ол басшылық жиналыс өткізуімен байланыстырды. Онда жалақыны көтеру және жұмыс кестесін үш ауысымға бөлу мәселесі талқыланған.

"Ереуіл немесе басқа да рұқсаты жоқ шаралар өтті деуге келмейді", - деді Дүзкенов.

XS
SM
MD
LG