Ссылки доступа

Түркия гей-тәжікті еліне депортациялады


Түркия билігі Стамбулдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жұмыс істеген гей-тәжікті еліне депортациялады. Мұндай шешім жас жігіттің ВИЧ жұқтырғаны анықталған соң қабылданған.

Өзін Фотех деп таныстырған Тәжікстан азаматы жеті жыл бұрын Ресейге нәпақа табуға кеткенін айтты. "Үш жыл бұрын достарым маған Стамбулдан жұмыс тауып берді. Мен даяшы және биші боп істедім, сонымен бірге қыздарға биден сабақ бердім", - дейді Фотех.

Ол ВИЧ-ті қашан жұқтырғанын білмейді. "Соңғы уақытта Түркияда денсаулығым болмай жүрді. Депортациядан соң дәрігерлерге қаралып жүрмін", - деді ол.

Жақында Тәжікстанның ІІМ және Бас прокуратурасы елдегі гейлердің тізімін жасады, оған 370-ке жуық қыз-жігіт кірген. Бұлардың барлығы ІІМ арнайы операциялары барысында анықталды. Бұл операциялар "Тазалау" және "Өнегелік" деп аталған.

XS
SM
MD
LG