Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстан автобус қатынасын қайта реттейді


Қырғызстан көршілес Өзбекстанмен автобус қатынасын қайта қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы қырғыз парламенті жиналысында үкімет өкілі Аширбек Темирбаев хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстан делегациясының Ташкентке сапары аясында, 25 желтоқсанда Ош - Қоқан, Ош - Ферғана, Ош - Әндіжан, сонымен бірге Жалал-Абад және Кызыл-Кию қалалары арасындағы рейсті қалпына келтіру мәселесі талқыланған.

Әшірбек Темірбаевтың айтуынша, көктемге жақын Ташкент – Бішкек – Балыкчи бағыты бойынша темір жол рейсі ашылады.

Бұған дейін, 23 желтоқсанда Air Manas компаниясы Бішкек-Ташкент бағыты бойынша әуе рейсін ашты. Сонымен бірге Ош – Ташкент рейсі қосылды.

XS
SM
MD
LG