Ссылки доступа

Беделді өзбек генералы отставкаға кету туралы арыз жазды


Өзбекстанда Мемлекеттік салық комитетінің 71-жастағы төрағасы Батыр Парпиев президент Шавкат Мирзияевтен отставкаға жіберуін сұрап арыз жазған. Бұл туралы үкіметтегі дереккөздер хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, Өзбекстандағы беделді генерал-лейтенант Батыр Парпиев отсавкаға туралы арызын президентке екі ай бұрын жазған.

"Бірақ президент оның арызын қабылдамаған", - деді дереккөз. Дереккөз генералдың 28 желтоқсанда Батыр Парпиев жұмыс орнында болғанын айтқан.

Еске салайық, биыл 12 шілдеде Мирзияев салық комитетінің қызметкерлерін кәсіпкерлер ісіне ретсіз араласады деп сөккен.

Батыр Парпиев бұл комитетті 2004 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG