Ссылки доступа

Ирандағы ереуілдер кезінде 20 адам қаза тапты, 700-ге жуық адам тұтқындалды


Ирандағы үш күн ереуілдерден кейін қолға түскендерді "Құдайға қарсы шықты" деп айыптап, өлім жазасына кесуі мүмкін. Бұл туралы тегерандық төңкеріс сотының басшысы Мұса Газанфарабади хабарлады. Ол нақты қанша адам тұтқындалғанын айтпады.

"Фардо радиосының" мәліметіне қарағанда, елдегі ереуілдер кезінде шамамен 700 адам тұтындалған. Иран ішкі істер министрінің орынбасары қамауға алынғандардың 90 пайызы 25 жастан жоғары еместігін айтты.

Иранның мемлекеттік телеарнасы 2 қаңтарға қараған түні ереуіл кезінде тоғыз адам өлгенін хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, бірнеше күнде ереуіл кезінде кем дегенде 20 адам қаза тапқан, олардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 28 желтоқсанда басталған ереуілдер туралы алғаш рет пікір білдірді. Ол "Ислам республикасының жаулары" деп атап, елде тәртіпсіздік орнатқаны үшін айыптады. Бірақ ол "жаулардың" есімдерін атаған жоқ.

АҚШ, Германия, Швеция, Түркия, Израиль, Франция және Ұлыбритания үкіметтері Тегеранның ереуілді күшпен басуға талпынғанын айыптады.

Бұл уақытта ресейлік СІМ елдің ішкі жағдайына сырттан ықпал етуге болмайды деп мәлімдеген. Иран билігінің әрекетін Сирия үкіметі де жақтап отыр.

XS
SM
MD
LG