Ссылки доступа

Ашхабад әуежайында жолаушылардың дәрілерін алып қойып жатыр


Азаттықтың түркімен қызметіне әлеуметтік желі арқылы хабарласқан Түркіменстан тұрғындарының айтуынша, Ашхабад әуежайында жолаушылардың қол сөмкесін мәжбүрлі түрде тексеріп, дәрілерін алып қалып жатыр.

«Мен Беларусьтан қысқы демалысқа келгенімде, Ашхабад әуежайында кеден қызметі мені шақырып, қол сөмкемді тексерді. Онда анама деп сатып алған жүрек ауруына арналған «Корвалол», «Валидол» және бас ауруына арналған «Цитрамон», «Парацетамол» дәрілері болған еді. Тіптен дәріханадан сатып алғанымды куәлік ететін чектері болған. Маған айыппұл төлейсің деп қорқытып, дәрілерімнің бәрін алып қойды», – дейді Беларусьте оқитын студент.

Оның сөздерінше, кеден қызметкерлері дәрілерді не үшін тәркілегенін түсіндірмеген. Тек ғана "болмайды" деген.

Түркіменстанның дәріханаларында дәрі-дәрмек тапшы. Медициналық мекемелерде екпеге инелер жетіспейді. 2017 жылы Түркіменстанда "Денсаулық жылы" деп аталса да, дәрі-дәрмек бағасы бірнеше есеге қымбаттаған.

Билік елде дәрілердің неге тапшы екенін, не себептен қымбаттап жатқанын түсіндірмейді.

XS
SM
MD
LG