Ссылки доступа

Трамп: АҚШ-тың "ядролық түймешесі" Пхеньяндікінен әлдеқайда үлкен


АҚШ президенті Дональд Трамп 2 қаңтарда Солтүстік Корея лидерінің үстелім үстінде «ядролық түймешесі» бар деген мәлімдемесіне, Құрама Штаттарда ядролық ағытқыш ілмегі әлдеқайда «үлкен әрі күшті» деп жауап берді.

«Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын ядролық түймешесі үнемі үстелінің үстінде жатады деп мәлімдеді. Мүмкін оның ашыққан режимінен біреу менде де ядролық түймеше бар екенін, бірақ оның әлдеқайда үлкен әрі күшті екенін жеткізер!»,- деп жазды Трамп Twitter парақшасына.

КХДР лидері Ким Чен Ын жыл сайынғы жаңажылдық жолдауында үстелінің үстінде қаруды Құрама Штаттардың кез-келген нүктесіне дәлдеп түсіретін «ядролық түймеше» бар екенін айтқан.

Ол мұны тек Пхеньянның қауіпсіздігіне нұқсан келтіргенде ғана қолданамын деді. «Бұл шын, қорқыту емес»,- деді Ким Чен Ын. Ол сонымен бірге өз елінің спортшылары Оңтүстік Кореяға Олимпиадаға қатысуға ниет білдіріп отырғанын да атап өтті.

Трамп Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас жақсарады дегенге күмән келтіреді. Ал Оңтүстік Корея 9 қаңтарда Пхеньянмен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге ұсыныс білдірді.

XS
SM
MD
LG