Ссылки доступа

Жызақта аудан әкімінің жұмыс бөлмесін тек медбикелер тазалайды екен


Өзбекстанның Жызақ елді-мекеніндегі медицина қызметкерлеріне жұмыс уақытында аудан әкімінің жұмыс бөлмесін тазалауды міндеттейді екен. Бұл ақпаратты әкімшіліктің дереккөзі растаған.

Жызақ тұрғынының хабарлауынша, аудандық аурухана медбикелеріне аудан әкімінің жұмыс бөлмесі мен демалатын бөлмесін және әкім пайдаланатын дәретхананы да тазалап тұруды міндеттейді. "Мұны маған медбикелердің өздері айтып, шағымданды. Егер бас тартсақ, жұмыстан шығарамыз деп қорқытады дейді. Бізде сонда әйелдердің құқығын қорғайтын ұйымдардың болмағаны ма?" – дейді жергілікті тұрғын.

Медбикелерді жұмыс күні әкім кабинетін тазалауға аурухананың аға медбикесі жібереді екен. «Біз бір тәулік бойы ауыспалы жұмыста болдық. Үйімізге енді кеткелі жатқанда, аға медбике келіп, аудандық әкімшілікке барып, әкімнің жұмыс бөлмесін тазалаңдар деді. Барған кезде, әкімнің жеке дәретханасын, киімдерін, шұлықтарын жууға мәжбүрледі», – дейді медбике қыз. Оның айтуынша, аптасына үш рет үнемі осылай тазалауға жіберіп тұрады екен.

Ал әкімшілік болса, бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG