Ссылки доступа

Түркіменстан Ауғанстанға электр энергиясын қайта тасымалдай бастады


Ауғанстандағы Азаттық тілшілі Шамердангулы Мырадының хабарлауынша, 1 қаңтардан бастап Түркіменстан Ауғанстанға электр энергияны қайта жеткізе бастаған. Енді электр энергияның нақты бағасымен келісу үшін, ауған билігі Ашхабадқа бармақ.

Ауғанстанды электр энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі басқарма өкілі Абдул Векиль Насырдың мәлімдеуінше, Түркіменстан екі ай бойы солтүстік және батыс аймаққа электр энергиясын бұрынғы бағамен жеткізуге келіскен. "Алдағы уақытта да бағаны сол күйінде қалдырады деп үміттенеміз. Сол үшін ауған делегациясы Түркіменстанға барады", - деді ол.

Ауғанстанға тасымалданатын энергияның қазіргі бағасы кВт/сағатына 2 цент.

Ресми Ашхабад жаңа жыл алдында экспортталатын электр энергияның бағасы өсетінін, ал ауған тұтынушыларына электр жеткізу тоқтатылатынын мәлімдеген. Оған негізгі себептің бірі - ауған аумағында "Талибан" қозғалысымен қарулы қақтығыс кезінде инфрақұрылым істен шыққан.

Түркіменстан Ауғанстан солтүстігінің үш елді мекенін және астананың батыс бөлігін электр энергиямен қамтамасыз етеді.

XS
SM
MD
LG