Ссылки доступа

Тәжікстанда ондаған имам-хатиб сынақтан өте алмады


Дін қызметкерлерінен сынақты Дін істері жөніндегі комитет және Үлемдер кеңесінің өкілдері алды. Діни қызметтен шеттетілгендердің нақты саны әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін ел мешіттерінде 265 имам-хатиб жұмыс істеген. Сынақ 2017 жылдың аяғында өткізілді, ал оның нәтижелері қаңтардың басында белгілі болды.

Имам-хатибтер тоғыз жылдан бері санықтан өтіп келеді. Одан өте алмағандары діни қызметтен әділетсіз қуылғандығын айтып жүр.

Шенеуніктер имамдар намаз бен уағыз оқып қана қоймай, діни мекемеге және оған келушілерге жағдай жасауы керек деп есептейді.

2014 жылы мемлекет дін қызметкерлеріне 800 сомони (90 доллар) жалақы тағайындады.

XS
SM
MD
LG