Ссылки доступа

Мирзияев рақымшылығына іліккендерді Каримов зиратына апарды


Өзбекстанда тыйым салынған түрлі діни ағымдарға қатысты сотталып, өткен жылы президент Шавкат Мирзияевтің рақымшылығымен түрмеден босағандарға Самарқан облысына екі күндік сапар ұйымдастырды.

Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Рақымшылықпен босағандар "Әл Бұхари" иман кесенесін көріп, Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтың зиратына барды.

Еске салайық, президент Шавкат Мирзияев өткен жылы желтоқсанда Конституцияға 25 жыл толуына орай түрмедегі 2 700 адамға рақымшылық жариялаған.

Өткен жылдан бері Өзбекстан түрмелерінен 14 саяси тұтқын босады. Олардың арасында Мұхаммад Бекжан, Аъзам Фармонов, Солиджон Абдурахманов, Бобомурод Раззаков, Ганихон Маматхонов, Агзам Тургунов, Рустам Усманов, Самандар Қоқанов, Эркин Мұсаев, Ботирбек Эшкузиев, Бахром Ибрагимов, Даврон Кабилов, Даврон Таджиев және Мұхаммад Карабаев секілді қоғам белсенділері мен саясаткерлер, тәуелсіз журналистер бар.

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазір Өзбекстан түрмелерінде 12 адам құқығын қорғаушы және журналист отыр.

XS
SM
MD
LG