Ссылки доступа

Қазақстаннан Өзбекстанға тауар тасымалдау тәртібі жеңілдеді (видео)


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан жеке қолданыс үшін 1000 АҚШ долларына дейін кеден бажынсыз тауар алып келе алады. Бұл ақпаратты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті растады.

Осыған дейін тек 10 долларға дейінгі тауарды баж салығынсыз алып өтетін.

3 қаңтардан бері өзбек-қазақ шекарасын кесіп өткен өзбекстандық азаматтар Қазақстаннан тауар алып келу жеңілдегенін растайды. Олардың сөздерінше, өзбек кеденшілері өздерін мәдениетті, сыпайы ұстай бастаған.

"«Черняевкада» (Гишт-Куприк – «Жібек Жолы» өзбек-қазақ шекарасында – Ред.) кеденшілер өздерін өте сыпайы ұстады. Тіптен сене алмадық. Олар Қазақстаннан тауар алып келе жатқан азаматтарды еркін өткізді. Ешқандай проблема болған жоқ. Мен өмірімде мұнайды бірінші рет көруім," – деп танданысын жасырмады өзбек саудагері.

​Өзбекстандықтардың дені Қазақстан базарынан азық-түлік алып келеді. Олардың айтуынша, қазақ базарында тауар 30-40 пайызға арзан.

Узбекистанцам разрешили ввозит из Казахстана товары на сумму до 1000 долларов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

XS
SM
MD
LG