Ссылки доступа

Түркіменстанда балаларды мектепке тек балабақшадан кейін ғана қабылдамақ


Түркіменстанда мектепке баратын балаларды тіркеу барысында балабақшаға барғаны жөнінде анықтама сұрайды. "Түркіменстан хроникасы" тәуелсіз басылымының жазуынша, мұндай талапты елдің білім министрлігі өткен жылдың аяғында қойған.

Егер бала балабақшаға бармаса, мектепке барар кезде қиындық туады деп хабарлайды басылым. Бірақ мұндай талапты әзірге мемлекеттік БАҚ жарияламай отыр.

"Түркіменстан хроникасы" басылымының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта баланы мектепке орналастыру үшін тұрғылықты жерінің анықтамасы, туу туралы куәлігі, медициналық анықтама, ата-анасының жұмыс істейтін жерінен анықтама, сонымен бірге үш әулетіне дейін мағлұмат қажет екен.

Өткен жылдың аяғында Түркіменстанда балабақша құны он есеге өсті. Осыдан кейін балабақшаға баратын балалар саны бірнеше есеге қысқарған.

XS
SM
MD
LG