Ссылки доступа

Әуе рейстері Душанбені Самарқан және Бұхара қалаларымен жалғайды


Тәжікстан «Узбекистон хаво йуллари» әуе компаниясының Душанбе мен Самарқан, Бұхара қалалары арасында жаңа рейстер ашу туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі республиканың Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұған қатысты шешім қабылданды, өзбек тарапына жауабы жолданды. Жаңа рейстер жақын уақытта ашылады», – деді министрліктегілер.

Еске салайық, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы 2017 жылы ақпанда 25 жылға созылған үзілістен соң қайта жалғасты. Қазір «Узбекистон хаво йуллари» Душанбе мен Ташкент арасында аптасына бір мәрте, сейсенбі күндері рейс жасайды.

Екі ел арасындағы әуе қатынасы 1992 жылы қыркүйекте Тәжікстандағы азаматтық соғысқа байланысты тоқтап қалған еді.

XS
SM
MD
LG