Ссылки доступа

Солтүстік Корея Сеулмен тікелей келіссөздерге келісті (видео)


КХДР билігі Оңтүстік Кореяның 9 қаңтарда тікелей келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қабылдады. Бұл 2015 жылдан бері жоғары деңгейдегі алғашқы келіссөз болмақ.

Ол екі ел шекарасындағы Пханмунджома шекара пунктінде өтеді. Келіссөздерде КХДР-дің Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы, сонымен бірге Корей түбегіндегі жағдай талқыланады, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігінің өкілі.

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын жаңажылдық құттықтауында Пхеньян Сеулмен диалогқа ашық екенін және ұлттық құраманы Олимпиада ойындары жолдайтынын мәлімдеді. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мұндай бастаманы қолдады.

3 қаңтарда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен арнайы жабық байланыс желісімен келіссөздер бастауын бұйырды. Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында 9 ақпанда басталып, 25 ақпанда аяқталады.

Отношения КНДР и Южной Кореи теплеют?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Корея елдерінің келіссөздерін АҚШ президенті Дональд Трамп қолдады. Қорғаныс министрлігі 2018 жылдың басында Оңтүстік Кореямен бірге әскери оқулар өткізу жоспарын кейінге қалдырды.

Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ КХДР-ге қарсы санкцияларын күшейткен. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның баллистикалық зымыран сынақтарына байланысты жаңа санкциялар енгізді.

Северная Корея запустила межконтинентальную баллистическую ракету
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

XS
SM
MD
LG