Ссылки доступа

АҚШ: Тәжікстанда азаматтардың діни-сенім құқығы бұзылып отыр


Құрама Штаттар Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды діни наным-сенімді бұзатын 10 елдің қатарына қосты.

Өткен жылдың сәуір айында АҚШ-тың әлем елдерінде діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Тәжікстанды "аса алаңдаушылық туғызатын ел" деп атаған.

Баяндама авторлары Тәжікстанда діни мотив бойынша азаматтарды қудалау жалғасып келетінін жазды. Өткен жылы тәжік шенеуніктері экстремизммен күресті желеу етіп, мешіттерде бейнекамера және металл іздеу орнатқан.

35 жасқа толмағандар қажылыққа бара алмайды. Тәжік үкімеі имамдарды тағайындауды ғана емес, мешіттердегі уағыздарды да бақылап отыр. Мұсылман исмаилшылдар қоғамдық діни кездесулерін Душанбедегі Исмаилшылдар орталығында ғана жүргізе алады.

"Заң мұсылман орамалдарын білім мекемелерінде тағуға тыйым салған, елу жасқа толмаған ер кісілер сақал қоймайды. Өткен жылы милиция қызметкерлері елде жүздеген сақалды кісілерді ұстап, оны күшпен қырып тастаған", делінген USCIRF баяндамасында.

XS
SM
MD
LG