Ссылки доступа

Тәжікстанда 150 шенеунік жауапқа тартылды


Тәжікстанның есеп палатасы мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық тексерудің нәтижесінде 153 шенеунік әкімшілік жауапқа тартылып, алтауының жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Есеп палатасының мәлімдеуінше, олардың бәрінің қаржы жеткіліксіздігіне қатысы бар. 2017 жылдың екінші жарты жылдығында есеп палатасы 126 мемлекеттік мекемені тексеріп, бюджеттен бөлінген 7 млн сомонидің (777 мың доллар шамасында) жетіспейтіндігін анықтаған.

Тәжік парламентінің депутаты Саидджаффар Усмонзода шенеуніктер оңай жалтаруды әдеткен айналдырған дейді. «Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірісі салықтан жиналады. Мемлекеттік қызметкерлер бюджет қаржысын жеке мүддесі үшін жаратады да, кейін тек сөгіс алумен құтылып кетіп жатады. Коррупциямен бұлай күресу мүмкін емес», - дейді ол.

2017 жылдың жарты жылы ішінде есеп палатасы 38 істі бас прокуратураға тексеруге жіберген. Оның тек сегізіне қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG