Ссылки доступа

Әуезов театрының директоры "пара алмақ болған" жерінде ұсталған


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің пара алмақ болғаны әшкереленді деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, Ерлан Біләл Алматыда «театр базасын жаңа жыл кезінде балаларға арналған қойылым өткізуге жалға бергені үшін заңды тұлғадан бір жарым миллион теңге пара алу үстінде» үсталған. «Кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр» деді Нұрлан Жахин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерлан Біләлдің бірнеше адамның арасында тұрған, оның бірі Біләлдің қолынан қысып ұстап, ортада 10 мың және 20 мың теңгелікке ұқсас ондаған купюра жайылып тұрған суреті тараған болатын.

47 жастағы Ерлан Біләл Әуезов театрына директорлық қызметке 2015 жылдың сәуір айынан бастап тағайындалды. Ол бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірім театрының көркемдік жетекшісі болып қызмет істеген. Біләл - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

XS
SM
MD
LG