Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев: Душанбеде маңызды келісімдер қабылданады


Өзбек басшысы 6 қарашада Ташкент облысының депутаттарымен кездесуде Тәжікстанға ресми сапармен баратынын, сол кезде өте маңызды ауқымды келісімдер қабылданатынын мәлімдеді.

"Ел премьер-министрі Абдулла Арипов сапарға дайындық жасау үшін Тәжікстанға барады", - деді ол.

Бірақ Шавкат Мирзияев сапардың қай уақытта өтетінін айтқан жоқ. Бұған дейін Душанбе өзбек басшысы 2018 жылдың басында келуі мүмкін екендігін хабарлаған.

Өзбекстан президенті көрші елдер әріптестікті арттырғы келетінін мәлімдеді. "Біз көптеген құжаттарға қол қоямыз. Олар темір жол және энергетика салаларын қамтиты. Басқа да көптеген мәселелер қаралады", - деді ол.

Шавкат Мирзияев көрші елдермен достықты нығайту бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты. "Ешкім мәңгілік емес. Көршімен араздықты ешкім кешірмейді. Барлық көршілермен тату болу керек. Жиырма жылғы мұзды жібітуге де уақыт қажет", - деді Өзбекстан президенті.

XS
SM
MD
LG