Ссылки доступа

Қырғыздың алтын өндіруші компаниясы жұмысшыларды жаппай шығару себебін түсіндірді


Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Иштамберды алтын кенін өндіруші «Фулл Голд Майнинг» компаниясының вице-президенті Чи Шуань Тань 8 қаңтарда жұмысшыларды жаппай шығару себептерін түсіндірді.

Компания өкілі Қырғызстанның Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және энергетика мемлекеттік комитетінде сөйледі.

"Еңбек шарттарын ұзартудан бас тартты деп айтуға болмайды. Біз келіссөздер жүргіздік. Келісім-шарттардың мерзімдері 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Біздің компания жұмыс бастағалы бері шығынға батып келеді. Біз кенге 200 млн доллар құйдық, содан бері 958 млн сом жалақыға кетті. Жұмысшы ұстау бізге қымбатқа түседі. Сол себепті біз келісім шарттарын өзгерту керек деп шештік. Біз қиыншылық кезеңді бірге өткеру үшін көмек сұраймыз. Құйылған қаражат өзін ақтамады, тақырға отырмас үшін осындай әрекетке баруға мәжбүрміз", - деді ол.

Вице-президенттің сөзіне қарағанда, компания жұмысшылардың кәсіби өтіліне және тамағына қосымша төлеуден бас тартқан. Бұған қоса, жалақыға үстеме ретінде ай сайын 3 мың сом төлемейтін болған.

Кәсіпорын басшылығы "Қытай қызметкерлерінің 30 пайызы қысқартылғанын" мәлімдеді.

Еске салайық, 5 қаңтарда «Фулл Голд Майнинг» компаниясы жаңа келісім шарттарына келіспеген 370 жұмысшыны шығарғаны белгілі болды. Тағы шамамен 200 адам мәжбүрлі түрде демалысқа шыққан. мұнда орташа жалақы - шамамен 30 мың сом.

XS
SM
MD
LG