Ссылки доступа

Түркіменстанда аурухана қызметкері ауыр соққыдан қайтыс болды


Түркіменабад тұрғыны ауыр соққының салдарынан қайтыс болды, деп хабарлады Азатлык радиосы. Дәрігерлер науқас "денсаулық жағдайына байланысты өлді" деген, бірақ оның туыстары "қасақана өлтірген" дейді.

Қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның жақын досының айтуынша, Түркіменабад қалалық балалар ауруханасында істеген Назар Хыдыровты 21 желтоқсанда жұмыс орнында белгісіз біреулер соққыға шығып, оны үйінің алдына тастап кеткен.

Жедел жәрдем оны облыстық ауруханаға жеткізген, бірақ Хыдыров есін жимастан 30 желтоқсанда көз жұмды.

Балалар ауруханасында қауіпсіздік техникасы жөнінде инженер болып істеген Хыдыровқа әуелі инсульт дианозы қойылған, үш күннен соң бауыр циррозы деп өзгерткен.

Марқұмның досы болған оқиғаға қатысы бар дәрігерлер мен тергеушілердің есімдерін атады, бірақ Азатлык оны жарияламастан бұрын, құқыққорғау органдары мен медициналық мекеменің пікірін білгісі келеді.

XS
SM
MD
LG