Ссылки доступа

Өзбекстанда мектеп директорларын ұрған аудан әкімі қызметінен алынды (видео)


Чиновник избивает директоров школ: громкая история из Узбекистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:05:06 0:00

Сырдария облысы Сайхунабад аудан әкімі Носиржон Эгамбердиев қызметінен алынды. Былтыр қыркүйек айында оның мектеп директорларын ұрған видеосы интернетте тарап кеткен болатын.

Носиржон Эгамбердиев қызметінен 8 қаңтарда алынған. Оның орнына Мирзаабад ауданы әкімі болған Батыр Мирзакулов тағайындалды. Бірақ бұл жөнінде әлі ресми хабарланбаған.

28 желтоқсанда Сайхунабад прокуратурасы Эгамбердиевке қатысты "балағаттады" және "майда бұзақылық жасады" деген айыптармен әкімшілік іс қозғаған.

Бүгінде бұрынғы шенеуніктің ісі Сайхунабад аудандық сотына жіберілген. 5 желтоқсанда аудандық прокуратура жәбірленуші тараптан шағым болмағандықтан Носиржон Эгамбердиев қылмыстық жауаптан құтылып кетті деп мәлімдеген болатын.

2017 жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желіде Сайхунабад ауданының бұрынғы әкімі Носиржон Эгамбердиевтің Тәуелсіздік күнін атап өтудегі олқылықтарға байланысты мектеп директорларын ұрып, балағаттаған видеосы жарияланған.

Былтыр желтоқсан айының аяғында Әндіжан қаласы әкімі Дилмурод Рахматуллаевты мектеп және колледж директорларын балағаттағаны үшін, 30 айлық есептік көрсеткіш (650 доллар шамасында) айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG