Ссылки доступа

Ауған дипломаттары тәжік банктеріндегі салымдарын қайтаруды талап етеді


Төрт ауған дипломаты «Точиксодиротбанктегі» 300 мың доллар шамасында депозиттерін қайтара алмай жүр. Олар Душанбеде ауған елшілігінде жұмыс істеген кезде, депозит ашқан екен.

«Точиксодиротбанк» - Тәжікстандағы ең ірі банктердің бірі. 2015 жылдан бері дағдарыстан шыға алмай келеді. Оның жүздеген салымшылары ақшасын ала алмай жүр.

Азизи Бориз - Душанбеде Ауғанстан елшілігінде жұмыс істеген төрт дипломаттың бірі. Оның сөздерінше, екі жылдан бері ақшасын қайтара алмай келеді. Банктен 2008 жылы депозит ашқан. Келісімге сәйкес, салымды кез-келген уақытта қайтаруы керек.

Азизи Бориз депозиттегі ақша Ауғанстандағы үйлерін сатқаннан түскен қаражат екенін айтады. Сонымен бірге ай сайынғы еңбек ақыларынан депозитке құйып отырған. Онда бар ақпаратқа қарағанда, өзге елдің дипломаттарының да аталған банкте салымдары болған. Бірақ оны «Точиксодиротбанк» дер кезінде қайтарған.

Дипломаттар енді «Точиксодиротбанкті» сотқа бермекші. Аты-жөнін айтуды жөн санамаған банк өкілі ауған дипломаттарына ақшаны бөліп беруді ұсынған екен. Бірақ олар бас тартқан.

XS
SM
MD
LG