Ссылки доступа

Ашхабад полициясы қара түсті жеңіл көліктерді аққа бояуды талап етіп жатыр


Ашхабад мемлекеттік көлік инспекциясының қызметкерлері қара түсті жеңіл көліктің иелерінен автомобилдерін ақ түске бояу жөнінде арыз жазуды талап етіп жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлайды.

Желтоқсан айының аяғында Түркіменстанның көлік инспекциясы ескертусіз қара түсті көліктерді эвакуациялай бастаған. Оларды авто тұрақтан алып, айып тұрағына көшірген.

Дереккөздің мәліметінше, көлік иелерінің арызы негізінде автомобильдің түсін өзгертуге рұқсат береді. Ол үшін көлік иелері айыппұл төлеп, көліктерін алып, түсін өзгерту жөнінде арыз жазу керек.

Енді көлікті бояуға рұқсат алу үшін көлік инспекциясы мекемесінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Көлік иелері билік бұл жағдайдың бәрін көлік иелерінің ықыласы етіп көрсеткілері келеді дейді.

XS
SM
MD
LG