Ссылки доступа

Ауруханада жатқан депутатты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізбекші


«Ата Мекен» фракциясы атынан Жогорку Кеңеш депутаты Аида Салянова жүрегі сыр беруіне байланысты ауруханаға түсті. Бұл жөнінде оның адвокаты Чинара Жакупбекова мәлімдеді.

Оның сөздерінше, жүрек-қантамырлар жүйесі әлсіздігінен депутатты Шу облыстық ауруханаға жатқызған. Қазір сонда ем қабылдап жатыр.

9 қаңтарда Бішкек қалалық сотында депутат Аида Саляноваға қатысты істі қарау жалғасу керек болған. Бірақ судья Ирина Воронцова Аида Салянованың сырқатына күмән келтіріп, күннің екінші жартысында айыпталушыны мәжбүрлі түрде сотқа жеткізуді тапсырды.

10 қазанда Бішкектің Ленин аудандық соты Аида Салянованы Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша («Қызметін асыра пайдалану») айыпты деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған. Бірақ кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты, жазасын өтеуді кейінге қалдырған.

Оны 2010 жылы әділет министрі болып тұрғанда, экс-президент Максим Бакиевтің ұлы Алексей Елисеевтің адвокаттық лицензиясын заңсыз ұзартты деп айыптайды. Аида Салянова болса, өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді.

XS
SM
MD
LG