Ссылки доступа

Қырғызстан шекарасында алты кесек алтыны бар өзбек азаматтары ұсталды


Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасында алты кесек алтынды заңсыз әкетіп бара жатқан жерінен екі өзбек азаматы ұсталған. Бұл жөнінде Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, vesti.uz сайты хабарлайды.

Алтын құймалардың жалпы бағасы 1,5 млрд сумға (шамамен 180 мың доллар) бағаланады.

Ұсталғандар Ферғана ауданының тұрғындары Акбаржон Тураев пен Нодиржон Каримов болып шыққан. 4,7 келі болатын 999,6 сынама белгісі бар алтынды шекараға Чимен ауылынан Бобурмирзо Абдусаломов деген азамат жеткізген.

Ұсталғандарға қатысты тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Оларды уақытша қамау мекемесіне жатқызған.

XS
SM
MD
LG