Ссылки доступа

Ашхабад: "Новая эпоха" тұрғын үйінің құрылысында еңбек жағдайы нашарлап кетті


Түркіменстан билігі мен мемлекеттік медиа "ел дамуы мен өркендеуі үшін" құрылыс науқанын жариялаған. Ресми мәлімет бойынша, бағдарламаға 43 млн доллар бөлінген.

Дегенмен, Азатлык радиосына Түркіменстаннан түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, құрылыс басында соңғы жылдары еңбек жағдайы нашарлап кеткен. "Ашгабатгурлушык" компаниясында жұмыс істейтін құрылысшылардың бірі Азатлыкқа жалақының дұрыс төленбейтінін айтты.

"Біз Ашхабадтың солтүстік-батысында "Новая эпоха" деп аталатын тұрғын үй салып жатырмыз. Соңғы жылдары жұмыс жағдайы қиындап кеткені сонша, біз құлға айналып кеттік. Бізге түсте тамақ бермейтін болды. Сосын айлықты толық төлемейді. Атқарылған жұмысқа ғана төленетінін ескертеді", - астанада құрылыста істейтін Дашоғыз тұрғыны.

Оның айтуынша, жалақы көлемі өткен жылдан бері үш есеге төмендеген, бірақ елде басқа істейтін жұмыс болмағандықтан, көпшілігі осында қалуға мәжбүр.

Бұған қоса, айлықтың аздығына байланысты, басқа аймақтан келгендер құрылыс нысаны басында түнеуге мәжбүр. "Түнде өте суық. Жұмысшылардың бүйрегіне немесе өкпесіне суық тиген", - деді 30 жастағы тағы бір құрылысшы.

XS
SM
MD
LG