8 қаңтарда түнде ғимарат алдына, кейбір мәліметтерге қарағанда, шамамен 2,5 мың адам жиналды. Олар Ресейге қоныс аударуға өтініш тапсырғылары келеді. "Іс насырға шапқан соң, милиция шақыруға тура келді", - деп хабарлады 9 қаңтарда Ресей өкілдігінің баспасөз хатшысы Галина Александрова.
Милиция қызметкерлері ашулы топты таратты. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ. Ресей өкілдігі жабық тұр. Ғимаратқа милиция күзет орнатқан.
Галина Александрованың айтуынша, қазір Ресейге қоныс аударғысы келгендер өтінішті өкілдік вебсайты арқылы өткізе алады.
Ресейге өз еркімен қоныс аударғысы келетіндерге көмек жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әуелі орыс тілділерге арналған еді, кейін ол басқа да этнос өкілдеріне ашылды.