Ссылки доступа

Жұмыс орнында ұйықтап қалған қырғыз шенеунігі: маған ұйықтататын дәрі берді


Қырғызстанның Ноокат ауданы мемлекеттік статистика бөлімінің басшысы Расулбек Ташов Интернетте тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода оның кеңсесінде бірнеше адам ұйықтап жатқан, ал үстел үстінде спиттік және басқа да сусындар болған.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жазба президенттік сайлау өткен 16 қазаннан бір күннен кейін, қарсыластары жаманатты етіп көрсету үшін түсірген:

- Мен ол күні шырын іштім. Менің жауларым оған димедрол қосып қойыпты. Видео мені қаралау үшін түсірген. Мен спирттік ішімдік ішпеймін. Менің қасымда милиция қызметкері емес, қарапайым тұрғын отырды.

Ташовтың сөзіне қарағанда, оның қарсыластары - ауданның статистика бөлімінің бұрынғы басшысы Байыш Дубанаевпен бірге істегендер.

Еске салайық, 9 қаңтарда Интернетте Ташов кеңсесінде үстел басында ұйықтап жатқан екі адам түсірілген видео тарады. Үстел басында спирттік ішімдіктің бос шөлмектері тұрған. Жергілікті ақпарат құралдары шенеуніктің қасындағы ер азаматты Шоокат ішкі істер басқармасының басшысы деп жазды. Аталған мекеме бұл ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG