Ссылки доступа

Собчактың Петербургтегі штабына "Өлтір. Жұт. Қайтала" деп жазылған қағаз тастап кетті


Ксения Собчак
Ксения Собчак

Ксения Собчактың Петербургтегі штабындағы қызметкерлер полиция шақыруға мәжбүр болды. Олардың кеңсесіне белгісіз біреу "Өлтір. Жұт. Қайтала" деп жазылған қағаз тастап кеткен.

Штаб үйлестірушісі Николай Артеменконың "Новая газетаға" айтуынша, қағаз Пелевин және Кастанеда кітаптары салынған қалтада болған. Оны алып келген ер кісі: "Біз сендердің барлықтарыңды ығыстырып шығарамыз" деген. Бұған қоса, ол ғимарат қабырғасына антисемиттік жазба қалдырғанын айтқан.

Полициядағылар бұл жағдайды штаб қызметкерлерінің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп санатына жатқыза алмайтынын мәлімдеген.

Желтоқсанның соңында Ксения Собчак Ресей президенттігіне сайлауға қатысуға құжаттар тапсырды. Тележүргізуші өзін "барлығына қарсы" үміткер деп атады. Ақпарат құралдары оның сайлауға баруына президент әкімшілігінің қатысы болуы мүмкін деп жазды. Бірақ Кремль мұндай байланысты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG