Ссылки доступа

Тәжікстанда NGN-байланысты қалпына келтірді


Тәжікстандағы мобилді операторлар 9 қаңтарда Next Generation Network (NGN) - Келешек ұрпақ желісін қалпына келтірді. Үкімет жанындағы байланыс қызметі өткен айда елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында NGN-ді өшіріп тастау жөнінде тапсырма берген.

Белгілі болғандай, Baвилон-М, Tcell, Билайн және Телеком текноложи мобильді операторлары өткен сейсенбі күні NGN-байланысты қалпына келтірген. Тұтынушылар енді тек мобильді қосымшаны жаңарту керек болады.

Тәжікстандағы Билайн операторы бірінші болып NGN-байланысты қалпына келтіргенін мәлімдеді.

Salom деп аталатын мессенджерді Билайн операторы былтыр ақпан айында іске қосқан. Бұл қосымша тегін хабар алмасуға мүмкіндік береді.

Осының алдында үкімет арнайы комиссия құрып, елде Келешек ұрпақ желісінің (NGN) өшірілуі қаншалықты заңды екенін тексеріп жатыр деп хабарлаған. Арнайы комиссия құрамында Тәжікстанның бас прокуратурасы енген. "Baвилон-М, Tcell, Билайн, Estera және Intercom мобильді операторлары комиссияға NGN-байланыстың жұмысы жөнінде есеп беруі тиіс. Осыдан кейін барып NGN-ді қалпына келтіру жайында шешім қабылданады", - деген дереккөз.

Кейін Тәжікстанның салық комитеті ел президенті Эмомали Рахмонның атына хат жазып, NGN-байланысты өшіру негізді деген. Себебі халықаралық байланыстың басым бөлігі Viber, IMO және Skype интернет-мессенджерлері арқылы жүзеге асырылатынын, бұл салықтың азаюына әкелетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG