«Маған берген есеп бойынша, елде 20 миллион адам интернет пайдаланады. Бірақ қызметтің шектеулігінен басым бөлігі «Telegram» арқылы хат алмасады екен», – деп атап өтті Шавкат Мирзияев.
Жиналыста ТМД-ның өзге елдерінде интернет жылдамдығы Өзбекстанға қарағанда он есе тез екені де айтылған.
Президент Мирзияев интернет бағасын түсіріп, жылдамдықты арттыруды тапсырып, Өзбекстан 2020 жылға дейін ТМД-ның өзге елдерін қуып жету керек деген.