Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанда тоғыз кәсіпорын ашады


Өзбекстан Қырғызстанда автомобильдерге қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, пластика бұйымдарын шығары және басқа да бағыттардағы тоғыз кәсіпорын ашады. Бұл туралы Қырғызстанның Инвестицияларды қорғау және тарту жөніндегі агенттік директорының орынбасары Шумкарбек Адилбек уулу хабарлады.

Оның мәліметіне қарағанда, жеті компания қырғыз-өзбек бірлескен кәсіпорын мәртебесіне ие болады. Мысалы, өзбекстандық Artel Engineering пен қырғызстандық «Л.Т.Б» фирмасы Artel маркалы кір жуғыш шығарса, Perfect Plast Profil (Өзбекстан) мен Имзо ЛТД (ҚР) пластика және алюминий бұйымдарын жасайтын цез салады.

Сонымен бірге, өзбекстандық «УзАвтоСаноат» қырғыздың «АвтоОңдооЗаводымен» бірге Қырғызстанда ауыл шаруашылығы техникасын жинайтын екі кәсіпорын ашады. Ал өзбектің «ДТ Техник» компаниясы мен қырғыздың «Автоцентр Эстакада» фирмасы автобус құрастыру зауытын ашады. «Автоцентр Эстакада» және «Равон Моторс Тянь-Шань» компаниялары автомобиль құрастыру зауытын ашуға келісті.

Бұған қоса, Ташкенттегі Artel Engineering фирмасы Қырғызстанда филиалын ашып, MediaPark ойын-сауық орталығын салады.

Хабарларға қарағанда, бұлардың барлығы бойынша меморандумдар қабылданған. Кәсіпорындарындың жарымы құрылған болса, қалғандары 2018 жылдың аяғына дейін ашылады. Жаңа компаниялары Бішкек, Ош және Қара-Балта қалаларында жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG