Ссылки доступа

Университет доценті өзбек депутаттарын ұлттық киім киюге міндеттеуін ұсынды


Узбекский национальный костюм мужчин.
Узбекский национальный костюм мужчин.

Өзбекстан Ұлттық университетінің доценті, Инновациялық технологиялар орталығы директорының орынбасары Мирякуб Хайдаров парламент депутаттарына ұлттық киім негізінде дресс-код ұсынуды енгізді.

Доценттің пікірінше, парламент депутаттары еуропалық киім кимеулері керек. Ол халық қалаулылары жұмысқа ұлттық киіммен баруы керек деп есептейді. Мысалы, жазда жібек шапанмен, ал қыста мақтадан тоқылған немесе барқыт шекпен киюлері керек.

"Заң шығарушы палата ұлттық киім үлгісін бекітсе, жоғарғы палата киім үлгілері облыстық депутаттар кеңесінде бекіте алады. Жергілікті органдар өз аймақтарының киімін кигені жөн. Сол себепті ферғаналықтар сұрқандариялықтардан өзгеше киінеді", - деп жазды Хайдаров 8 қаңтарда Podrobno.uz сайтында жарияланған мақалада.

Оның пікірінше, өзбектер ұлттық құндылықтары мен дәстүрін әрдайым сақтауы керек. Бірінші болып мұндай дәстүрді депутаттар бастағаны дұрыс, деп есептейді ол.

XS
SM
MD
LG