Ссылки доступа

Мәскеуде Путиннің сайлауалды штабы ашылды


Сбор подписей в поддержку Путина
Сбор подписей в поддержку Путина

Ресей президенттігіне төртінші мәрте түсетін Владимир Путиннің сайлауалды штабы Мәскеуде ашылды.

Штабтың тең төрағалары болып "Сириус" балалар орталығының жетекшісі Елена Шмелева, "Камаз" бас директоры Сергей Когогин және Балалар онкологиясы орталығының директоры Александр Румянцев тағайындалды. Штаб баспасөз хатшысы – журналист Андрей Кондрашов. Ол Қырымды 2014 жылы Ресейдің аннексиялауына арналған "Крым. Путь на родину" фильмін түсірген.

Сәрсенбі күні Путин өз штабына барып, еріктілермен сөйлесті.

Үміткер Путинге қол жинау штаб ашылмастан бұрын басталған. Оны "Ресей еріктілері" ұйымы жүргізіп жатыр. Қаңтардың аяғына дейін 300 мың қол жиналуы тиіс. Ресейдің түрлі аймақтарынан қол жинау тәртібінің бұзылғаны туралы ақпараттар түсіп жатыр.

Сәрсенбі күні Путин штабтың тең төрағаларына қол жинауды "дұрыстап, заң аясында" жүргізуін сұрады, деп хабарлады "Интерфакс".

XS
SM
MD
LG